ҚЫТАЙДА ASTANA MOTORS ЗАУЫТЫНДА OMODA&JAECOO АВТОКӨЛІКТЕРІН ӨНДІРУ БОЙЫНША КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
16.07.2026
16.07.2026
Келісімге 16 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдағы сапары аясында өткен Қазақстан–Қытай жоғары технологиялық компанияларының дөңгелек үстелі барысында қол қойылды.

Құжат Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында автокөліктер өндіруді көздейді. Қазақстанда шығарылған OMODA JAECOO автокөліктерінің сериялық өндірісі мен сатылымы 2026 жылғы тамыз айында басталады.
«Техника-лицензиялық келісім Қазақстан аумағында OMODA JAECOO автокөліктерін шығаруға қажетті технологияларды, өндірістік құжаттаманы, сапа стандарттары мен лицензияларды беру шарттарын айқындайды», – деді Нұрлан Смағұлов.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы сәуірде Astana Motors компаниясы Қазақстандағы OMODA JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы атанды. OMODA технологиялық кроссовері мен саяхатқа арналған JAECOO кроссовері қытайлық Chery Automobile автоконцернінің экспорттық бағытталған бөлімшелеріне қарайды.

Маусым айында Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытына Қытайдан арнайы инженерлер командасы келіп, жергілікті мамандармен бірлесіп өндіріс желілерін дайындау және технологиялық үдерістерді іске қосу жұмыстарын жүргізді.
Алғашқы кезеңде кәсіпорында JAECOO J7 PHEV, JAECOO J5 кроссоверлері және жаңартылған OMODA C5 FL модельдері шығарылады.
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Өнеркәсіпті дамыту қорының және Қазақстан Даму Банкінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

16.07.2026