Chery: «Бізге 50 000-нан астам қазақстандық сенеді»
12.06.2026
12.06.2026
Astana Motors құрамындағы Chery Kazakhstan ресми дистрибьюторы Қазақстан нарығында 50 мыңыншы автокөлік сатылғанын атап өтті. Алматы мен Астана алдыңғы қатарда келеді, дегенменде брендтің көліктеріне сұраныс бүкіл ел бойынша өсіп келеді.
Қазақстандықтар арасында ең танымал модель Tiggo 7 болды. Ол заманауи дизайн, технологиялардың кең жиынтығы және жоғары деңгейдегі жабдықтардың арқасында танылды.
Мерейлі межені атап өткен Chery өзінің Қазақстандағы клиенттерін жақсы жаңалықпен қуантып, жаңа буындағы гибрид модельдерді ұсынады. Шілде айында Chery Tiggo 8 және Chery Tiggo 7 қосылмалы гибридтерінің (PHEV) сатылымы басталады.

Chery Tiggo 8 PHEV - брендтің флагмандық гибридті кроссовері, кең 7 орындық салоны және жоғары деңгейдегі жабдықтарымен ерекшеленеді. Модель 1,5 литр турбоқозғалтқышы және электр моторы бар гибридті жүйемен жұмыс істейді. Олардың жалпы қуаты 279 ат күшіне дейін жетеді. Электр және бензин қуатының үйлесімі сенімді үдеуді, бірқалыпты қозғалыс және жанармай шығының төмен деңгейін қамтамасыз етеді.
Толық WLTP циклі бойынша таза электр қуатымен жүру қоры 90 шақырымға дейін жетсе, аралас режимдегі жалпы жүріс қоры 1100 шақырымнан асады. Tiggo 8 PHEV заманауи қауіпсіздік жүйелерімен және жүргізушіге көмек көрсету технологияларымен жабдықталған. Олардың қатарында адаптивті круиз-бақылау жүйесі, қозғалыс жолағын ұстау функциясы, панорамалық шатыр, цифрлық аспаптар панелі, премиум мультимедиялық жүйе және салонды әртүрлі форматта трансформациялау мүмкіндігі бар. Бұл модель жайлы, кең және шығыны аз көлікті маңызды санайтын отбасылы тұтынушыларға арналған.

Chery Tiggo 7 PHEV - электрмобильдің үнемділігін және іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктің әмбебаптығы үйлескен C-SUV санатындағы қосылмалы гибрид кроссовер. Модель 1,5 литрлік турбо-бензинді қозғалтқыш пен электр мотор негізіндегі гибрид күштік қондырғымен жабдықталған. Оның жиынтық қуаты 279 ат күшіне дейін, ал айналу моменті 365 Н·м-ге дейін жетеді. Автокөлік 100 км/сағ жылдамдыққа шамамен 8 секундта үдейді.
WLTP стандарты бойынша көлік электр қуатымен 90 шақырымға дейін жүре алады. Бұл көптеген жүргізушілерге күнделікті қала ішіндегі қозғлысты жанармай шығынысыз орындауға мүмкіндік береді. Гибридті режимдегі жалпы жүріс қоры шамамен 1100 шақырымды құрайды. Модельдің ерекшеліктеріне энергия тұтынуды интеллектуалды басқару жүйесі, қос экранды мультимедиялық кешен, жоғары қауіпсіздік деңгейі және жүргізушіге көмек көрсететін кеңейтілген ADAS жүйелері кіреді.

Жақын арада жаңа Chery Arrizo 8 моделінің таныстырылымы күтілуде. Бұл – 2,0 литрлік турбоқозғалтқышпен және 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен жабдықталған седан. Рестайлингтен кейін модель кеңейтілген қауіпсіздік және жүргізушіге көмек көрсету жүйелерін, 15,6 дюймдік экраны бар жаңартылған мультимедиялық кешенді, жүксалғыш қақпағының электр жетегін, сондай-ақ жайлылыққа арналған қосымша функцияларға ие болды. Олардың қатарында алдыңғы орындықтарды жылыту және желдету жүйесі, панорамалық шатыр және Sony премиум аудиожүйесі бар.
Chery: клиентке қамқорлық
Биыл желтоқсан айында Chery бренді Қазақстан нарығындағы ресми қызметінің 5 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт ішінде бренд қазақстандық автонарық көшбасшыларының қатарына еніп, сатылым көрсеткіштері бойынша жоғары позицияларын тұрақты сақтап келеді. Қазіргі таңда ресми дилерлік желі еліміздің өңірлерінде орналасқан 23-тен астам автокөлік орталығынан тұрады.
Әлем бойынша Chery сатып алушылардың талаптарына сай заманауи шешімдерге, жоғары қауіпсіздік деңгейіне және жайлылыққа басымдық береді. Бренд философиясын For Family, For Champion («Отбасы үшін, чемпиондар үшін») ұраны айқындайды. Бұл ұстаным әрбір отбасыға арналып, заманауи технологияларды, қауіпсіздік пен жайлылықты үйлестіретін автокөліктерді жасауға деген ұмтылысты білдіреді. Бұл идеяны жаһандық Сhery Family сервистік бағдарламасы да қолдайды.

Чжу Шаодун, Chery International атқарушы вице-президенті және ЕО аймағының бас менеджері әрі футболшы Роберт Левандовски
Жуырда Chery International Роберт Левандовскимен ынтымақтастық орнатқаны туралы жариялап, оны брендтің жаһандық амбассадоры ретінде таныстырды. Компания оның әлемдегі үздік футболшылардың бірі ғана емес, сонымен қатар қамқор әке әрі сүйікті жар ретінде Chery бренді дәріптейтін отбасылық құндылықтарды бойына сіңірген тұлға екенін атап өтті.
12.06.2026